"Астана" — "Спартак" матчында ірі есеп тіркелді (ВИДЕО)
02.02.2025, 21:23
"Астана" Дубайдағы оқу-жаттығу жиынында мәскеудің "Спартак" ФК жолдастық матчта кездесті.
Vesti.kz
Матч 4:1 есебімен "Спартактың" ірі жеңісімен аяқталды. Ресейлік командада Даниил Хлусевич (21-минута), Никита Чернов (32-ші), Хесус Медина (53-ші) және Даниил Зорин (56-ші) гол соқты. Ал "Астана" құрамында Алекса Аманович (10-шы) мергендік танытты.
Бұл елордалық клуб үшін жаңа маусым алдындағы алғашқы матч болды. "Астана" өткен ҚПЛ маусымын екінші орынмен аяқтаған еді. Ал мәскеудің "Спартагы" қазір Ресей чемпионатында үшінші сатыда орналасқан.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама