"Ордабасы" келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламханмен қоштастынын хабарлады.
Исламхан соңғы екі маусымда шымкенттік клубтың намысын қорғап келді. Сонымен бірге жартылай қорғаушының мансабында "Тараз"," Қайрат", ресейлік "Кубань"," Астана" және Араб Әмірліктерінің "Әл-Айн" клубтары болды.
Дәл қазір Transfermarkt порталы қазақстандық ойыншыны 450 мың еуроға бағалап отыр.
"Ордабасы" Бауыржан Исламхан туралы клубтың инстаграм парақшасында ерекше видео қалдырды.