Қазақстандағы футбол клубы ₸700 млн қарыз

Редактор Penalty.kz
04.02.2025, 21:00

"Тараз" футбол клубының жалпы берешегі осындай сомаға жетті. 

Vesti.kz

Бұл туралы "Дядя Ваня" Telegram-арнасы жазады. 

Былтыр клубқа директор боп тағайындалған Әлімбек Жұмабаевтың айтуынша, мамыр айында берешек сома 450 миллион теңге болған. Ал осы күнге дейін қарыз қордаланып 700 миллион теңгеге жетіп отыр. "Тараз" ФК жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда берешекті толық өтейміз деп сендірді. Еске сала кетсек,1996 жылдың ел чемпиондары былтыр 1,2 млрд теңгенің тендерін ұтып алған еді. 

Қазір клуб әр нәрсеге үнемдеуге мәжбүр. Одан қалды ФИФА-ның "Таразға“ трансферлік бан қойғаны тағы бар. Сол себепті жаңа маусымда былтырғы құрамдағы жігіттерге үміт артудан басқа амал жоқ. Қазір клубта жастар резервінен шыққан бірнеше ойыншы қаралымда жүр.