Нигериялық вингер Самуэль Калу мансабын "Ақтөбеде" жалғастырады.
27 жастағы футболшының кейінгі клубы ағылшындық “Уотфорд” болды. Калу команда сапында 13 матч өткізген (соның ішінде Ағылшын Премьер-Лигасында), бірақ гол соққан жоқ. Былтыр тамыз айының соңында нигериялық еркін агент ретінде командадан кетті.
Самуэль Калу мансабында словениялық “Тренчин”, бельгиялық “Гент”, франциялық “Бордо” және швейцариялық “Лозанна” командаларында да ойнады. Transfermarkt.de футболшыны 1,7 миллион еуроға бағалайды.