Жуырда ғана ол "Сити" сапындағы алғашқы голын салған еді.
"Манчестер Ситидің" жас қорғаушысы Абдуқодир Хусанов Instagram желісінде 1 миллион оқырман жинап, жаңа белесті бағындырды.
20 жастағы өзбекстандық футболшы 2025 жылдың қаңтарында Францияның "Ланс" клубынан 40 миллион еуроға "Манчестер Ситиге" ауысты.
Келісімшарты 2029 жылға дейін жасалған, жылдық жалақысы – 3,5 миллион еуро.
26 қаңтар – Англия Премьер-лигасында алғаш рет алаңға шықты.
8 ақпан – Англия Кубогында "Лейтон Ориентке" қарсы ойында "Сити" сапындағы алғашқы голын соқты.