40 жастағы Роналду "Әл-Насрмен" келісімшартын ұзартты

Редактор Penalty.kz
10.02.2025, 07:33

Португалиялық ойыншы енді 2026 жылға дейін саудияда қалады. 

Vesti.kz

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубымен келісімшартын 2026 жылға дейін ұзартты. Бұл туралы танымал инсайдер Николо Скира мәлімдеді.

Роналдудың "Әл-Насрдағы" статистикасы

"Аль-Насрға" 2022 жылдың желтоқсанында ауысты.

90 матч, 82 гол, 19 нәтижелі пас – барлық турнирлерде.

Криштиану Роналдуның басты жетістіктері

5 дүркін "Алтын доп" иегері 
5 рет Чемпиондар лигасын жеңді 
Еуро-2016 жеңімпазы 🇵🇹
Ұлттар лигасының (2018/19) чемпионы 

Айта кетейік, 5 ақпан күні Криштиану 40 жасқа толған еді.