Футболдан ел чемпионатының 23-турында "Галатасарай" мен "Адана Демирспор" арасындағы матч тоқтатылды.
"Адана Демирспор" ойыншылары қақпаларына пенальти белгіленгеннен кейін наразылық білдіріп алаңнан кетті. Кездесудің 12-минутында бас төреші 11 метрлік айып добын белгіледі. "Галатасарай" шабуылшысы Альваро Мората дәл соққы жасай алды.
Бірақ төрешінің бұл шешімі "Адана Демирспор" футболшыларының қатты наразылығын тудырды. Олардың пікірталасы нәтиже бермеген соң, алаңнан ашық түрде кетіп қалды.
Айта кетейік, бұл кездесуге "Адана" сапында қазақстандық шабуылшы Абат Аймбетов негізгі құрамда шықты.