"Қайрат" клубының түлегі, Қазақстанның аты аңызға айналған футболшысы Самат Смақовтың ұлы – Аламгир шетелдік академияға ауысқалы жатыр. Бұл туралы Тотальный футбол КЗ басылымы хабарлады.
Жас ойыншы Түркияның бір клубының академиясында шеберлігін шыңдайтын болады. Ықтимал нұсқалардың бірі ретінде қазақстандық Бақтиёр Зайнутдинов өнер көрсететін "Бешікташ" клубы қарастырылып отыр.
Аламгир "Қайраттың" 2008 жылғы ойыншылар құрамында өнер көрсетті
Алматылық клубтың жасөспірімдер командасында ойнаған Аламгир Қазақстанның жасөспірімдер құрамаларына шақырту алып жүр.
Ол Қазақстанның U-16 құрамасында 3 матч, ал U-17 құрамасында 11 ойын өткізген. Бірақ бұл кездесулерде нәтижелі әрекетпен көзге түспеген.