Fergana Media басылымының мәліметінше, Түркияның "Гёзтепе" клубын жаттықтыратын Станимир Стоилов Қазақстан құрамасының бас бапкері атануы мүмкін.
Мамандар оның бұл ұсынысты қарастыруға дайын екенін атап өтті. Тіпті, оған Станислав Черчесовтың жалақысынан жоғары еңбекақы ұсынылған. Сонымен қатар Саян Хамитжанов бұл бапкердің Қазақстанға келуіне қызығушылық танытты.
2018 жылдың 1 наурызында Стоилов Қазақстан футбол федерациясының құраманы басқару туралы ұсынысын қабылдап, екі жылдық келісімшартқа қол қойған еді.
Оның жетекшілігімен ұлттық құрама 12 ойынға созылғаг жеңіссіз сериядан кейін алғаш рет 2018 жылдың 23 наурызында сырт алаңда Венгриядан жолдастық матчта 3:2 есебімен жеңді. Сонымен бірге Қазақстан УЕФА Ұлттар лигасында өз тобында екінші орын алып, топ жеңімпазы Грузияға екі кездесуде де жол берді. Стоилов 2019 жылдың қаңтарында ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді.