"Ақтөбе" футбол клубына 2025 жылғы маусымға 2,4 миллиард теңге бөлінді, ал легионерлердің еңбекақысы бюджеттен тыс қаражат есебінен төленеді.
Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов 2025 жылға арналған жоспарларын бөлісті.
Ақтөбенің Алтын Орда тұрғын үй алабында мүгедектігі бар жандарға арналған заманауи спорттық кешен ашылады.
35 мың орындық жаңа стадионның құрылысы басталады.
5 мың адамға арналған спорттық арена салынады. Бұл кешенде бассейн, көркем және спорттық гимнастика залдары болады.
“Ақтөбеге” бөлінген 2,4 млрд теңге клубтан жоғары нәтижелер күтетінін көрсетеді. Команда Қазақстан чемпионатында, Кубокта және халықаралық жарыстарда лайықты өнер көрсетуі тиіс.
“Қазір легионерлердің еңбекақысын төлеу жүйесіне өзгеріс енгізу туралы құжатты күтіп отырмыз. Заң нормаларына сәйкес, олардың жалақысы бюджеттен тыс қаражат есебінен төленеді. Бұл бағытта жұмыс атқарылуда” – Мейрамбек Махамбетов.
Шағын футбол бойынша:
ересектер командасына – 450 млн теңге;
балалар футбол орталығына – 300 млн теңге;
әйелдер футболына – 100 млн теңге бөлінді.