Бақтиер Зайнутдинов жарақатынан айығып, жаттығуға оралды

Редактор Penalty.kz
21.02.2025, 18:23

Қазақстандық футболшы «Бешікташ» сапында толыққанды дайындыққа кірісті.

Vesti.kz

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов жарақатынан толық жазылып, «Бешікташ» сапында жаттығуларын бастады. Бұл туралы Sport+ хабарлады. 

Испаниядағы оңалту және командалық дайындық

X Haber Kartalı мәліметі бойынша, Зайнутдинов командалық жаттығуларға толық қосылды. Бұған дейін ол Испанияда оңалту курсынан өткен болатын.

Жергілікті мамандар сол кезде отандасымыздың ишиалгия диагнозы қойылғанын хабарлаған еді. Бұл – жамбас артқы бұлшықеттерінің керілуі немесе ұзақ отыру кезінде пайда болатын ауырсыну, әсіресе, жылдам жүгіру мен кең қадам жасау кезінде қиындық туғызады.

Маусымдағы статистика

Ағымдағы маусымда Зайнутдинов «Бешікташ» құрамында 12 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АПЛ ойыншысы Бахтиёр Зайнутдиновке "Бешікташта" бәсекелес болатыны айтылған еді.