Осылайша, клуб жаттықтырушылары футболшылардың жарақатын азайтып, денсаулығын жақсартуды көздеп отыр.
«Барселона» жартылай қорғаушысы Даниэль Ольмо жарақаттардың алдын алу мақсатында арнайы генетикалық тестілеуден өтті. Бұл зерттеу команданың жаттығу бағдарламасын футболшылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Mundo Deportivo хабарлайды.
Мәліметке сәйкес, «Барселона» клубы барлық ойыншыларының генетикалық тесттен өтуін жоспарлап отыр. Бұған заманауи технологиялардың дамуы ықпал етуде. Бұрын мұндай талдау тек АҚШ-тың Балтимор қаласындағы зертханаларда ғана жасалса, енді Испанияда да қолжетімді.
Бұл бастама ойыншылардың жарақат алу қаупін азайтып, олардың физикалық көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған.