Қазақстанның Ұлттар Лигасындағы алғашқы матчы камбэкпен аяқталды

Редактор Penalty.kz
22.02.2025, 15:00

Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасы Ұлттар Лигасының С дивизионындағы алғашқы турында Люксембургпен тең түсті.  

wort.lu

Қазақстан құрамасы бірінші таймда басымдыққа ие болып, Анастасия Низамутдинова дубль жасады. Үзілістен кейін Люксембург белсенділік танытты. Марта Эстевес Гарсия 50-минутта пенальти арқылы, ал Лаура Миллер 73-минутта гол салып таразы басын теңестіріп кетті.

Алғашқы турдан кейін Қазақстан мен Люксембург құрамалары бір ұпайдан жинады. Осы топта Армения мен Лихтенштейн ойнап, 6:1 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.