Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ливерпуль" Хусановтың командасын жеңді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
23.02.2025, 23:58

Ағылшын Премьер-лигасының 26-турында "Ливерпуль" "Этихад" стадионында "Манчестер Ситиді" жеңді.

sport-express.net
Реклама
Реклама

14-минутта Мохаммед Салах есеп ашып, қонақтарды алға шығарды. 37-минутта Доминик Собослай нәтижені еселей түсті.

Хусановтың өнері

"Манчестер Сити" қорғаушысы Абдукодир Хусанов ойынның басынан соңына дейін алаңда болып, бар күшін салды. Sofascore порталы оның өнерін 7,2 балл деп бағалады. Сол деңгейдегі бағаны шабуылшы Савиньо да алды. Тек Жереми Доку 8 балл жинап, үздік көрсеткішке қол жеткізді.

"Ливерпуль" турнир кестесінде көшбасшылығын сақтап қалды

"Ливерпуль" 64 ұпай жинап, Англия Премьер-лигасының көшбасшысы болып қала береді. "Манчестер Сити" 44 ұпаймен төртінші орынды сақтап тұр.

Келесі матчтар

Арне Слоттың командасы келесі кездесуін 26 ақпанда "Ньюкаслға" қарсы өткізеді. "Қалалықтар" дәл сол күні "Тоттенхэммен" алаңға шығады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары