Футболдан Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатынан тыс қалды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 13:45

Өзбекстанның 20 жасқа дейінгі жастар құрамасы Азия кубогының ширек финалында Оңтүстік Кореяға пенальти сериясында 1:3 есебімен жеңіліп, әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігінен айырылды. Негізгі ойын уақыты 3:3 есебімен аяқталды.

Sport TV скриншот

Матчтың негізгі сәттері

Өзбекстан құрамасы турнирдің топтық кезеңінде Йеменді (1:0) және Индонезияны (3:1) жеңіп, Иранға (1:2) ұтылғанымен, ширек финалға шықты. Бұл кезеңде олар "D" тобындағы көшбасшы Оңтүстік Кореямен кездесті. 

18-минутта Асилбек Жұмаев бұрыштамадан кейін сәтті соққы жасап, Өзбекстанды алға шығарды – 1:0.

Оңтүстік Корея 8 минуттан кейін таразы басын теңестірді. Бұрыштама добынан кейін Син Мин-Ха айып алаңындағы қарбаласты пайдаланып, гол соқты – 1:1.

Оңтүстік Корея екінші таймда ойынды күшейтті. 56-минутта Син Мин-Ха дубль жасап, айып алаңына асырылған пасты дәл бағыттады – 1:2. 61-минутта Ким Тэ-Вон жылдам шабуылды сәтті аяқтап, есепті 1:3-ке жеткізді.

Өзбекстанның бас бапкері Фарход Нишонов ойынға қосымша шабуылшылар енгізіп, тактикалық өзгерістер жасады. Өзбекстан құрамасы соңына дейін күресіп, есепті теңестіріп үлгерді – 3:3. Бірақ пенальти сериясында сәтсіздікке ұшырап, Оңтүстік Кореяға 1:3 есебімен жол берді.

e.vnexpress.net

Бұл жеңілістен кейін Өзбекстан жастар құрамасы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігінен айырылды.