Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Жаңарған "Астана Аренаның" алғашқы суреттері жарияланды (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
24.02.2025, 20:55

"Астана" футбол клубының баспасөз қызметі жаңартылған "Астана Арена" стадионының суреттерін жария етті. 

sputnik.kz
Реклама
Реклама

Бұған дейін Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы стадионды қайта жөндеуге 15 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеген. Жөндеу жұмыстары аясында дыбыс сапасы жақсартып, трансляция жүйелері жаңартылды, ескі лифтілер ауыстырылды, жарықдиодты экран мен медиа жүйе толықтай жаңартылды.

Стадиондағы ең басты жаңалықтардың бірі – жылытқыш жүйесі бар жаңа газон. Жаңа жасыл желек бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жұмсақ, бұл ойыншылардың буындарына түсетін жүктемені азайтады. Дегенмен газон әлі де жасанды болғанымен стадион әкімшілігі оны сынға алуға ерте деп отыр. Олардың айтуынша, бұл жабын ерекше күтімді қажет етпейді. Кез келген ауа райына төзімді және халықаралық деңгейдегі ойындарға толық дайын.

Жаңартылған "Астана Арена" енді ұлттық құраманың матчтарына, сондай-ақ УЕФА мен ФИФА аясындағы халықаралық турнирлерге ресми түрде дайын деуге негіз бар.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары