Англияның үшінші деңгейлі Лига 1 чемпионатының 34-турындағы басты ойында "Уиком Уондерерс" сырт алаңда "Бирмингем Ситиге" минималды есеппен жол берді.
Матч 1:0 есесбімен бримингемдік клубтың пайдасына шешілді. Жалғыз голды 21-минутта Тейлор Гарднер-Хикманн соқты.
Осы жеңістен кейін "Бирмингем Сити" 76 ұпаймен Лига 1 турнирлік кестесінің көшін бастаса, "Уиком Уондерерс" 64 ұпаймен екінші орынға жайғасты.
Англияның "Уиком Уондерерс" клубының иесі – қазақстандық кәсіпкер Михаил Ломтадзе саналады. Ол 2024 жылдың мамырында Ломтадзе клубтың бақылаушы акцияларын сатып алып, оның 90% үлесіне иелік ететіні белгілі болған.