Ел-класикосы. Дастан Сәтпаевтың голы "Қайратқа" жеңіс сыйлай алмады (ВИДЕО)
02.03.2025, 20:12
"Астана-Аренада" өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
penalty.kz
Бүгін Қазақстан премьер-лигасының алғашқы туры аясында елордалық “Астана” алматылық “Қайратты” қабылдады. “Астана-Аренада” өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Бірінші таймда алаң иелері есеп ашты. Марин Томасов "Қайрат" қақпасына ғаламат гол соқты.
Матчтың екінші жартысында Элдер Сантана жарақат алып, оның орнына Дастан Сәтпаев кірді. Ол премьер-лигадағы алғашқы ресми матчына шықты.
Көп ұзамай 16 жастағы Дастан таблодағы есепті теңестірді. Тартысты ойында тараптар бір-бірінің қақпасын аңдып, қауіпті шабуылдар жасауға тырысқанымен, есеп өзгеріссіз қалды. Осылайша ҚПЛ-дың алғашқы турында командалар 1 ұпайды қанағат тұтуға мәжбүр болды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама