Қазақстан Премьер-Лига клубтарын қаржылық қолдау жөнінде мәлімет жарияланды.
2025 жылы өңірлерден футболды дамытуға қанша қаражат бөлінді? Telegram-дағы "Дядя Ваня" арнасы есептеп шықты.
Қазақстан Премьер-Лигасының жаңа маусымы басталды – чемпионатқа елдің 14 үздік клубы қатысуда. Жарыс 26 қазанда аяқталады.
Футбол клубын басқару – арзан шаруа емес. Элиталық дивизионда ойнайтын командалар 55 млн теңге көлемінде өтінім жарнасын төлеуі керек. Бұған трансферлер, жалақы, ұшу, қонақүй, тамақтану және басқа да шығындар қосылады.
Қазақстандық клубтар өзін-өзі қаржыландыруға толық үйрене қоймағандықтан, негізгі жүктеме қалалық және облыстық бюджетке түседі.
"Дядя Ваня" арнасы 2025 жылы өңірлерден футболды дамытуға қанша қаражат бөлінгенін есептеді. Айта кету керек, бұл қаражат тек кәсіби клубтардың чемпионатқа қатысуына ғана емес, сонымен қатар балалар футбол орталықтары мен әйелдер командаларын қолдауға да бағытталған.
2025 жылы жергілікті бюджеттерден футбол клубтарына кемінде 18,51 млрд теңге (шамамен 37 млн доллар) бөлінді.
Қосымша 4,98 млрд теңгенің (9,9 млн доллар) тендерлері дайындалуда.
Маусым енді ғана басталды, мемлекеттік қаржы бөлінісі әлі де жалғасуы мүмкін.
Ең көп қаржы алған клубтар (тендерге қатыспағандар есепке алынбаған):
Әлі де қаржыландыруды күтіп отырған клубтар:
"Тобыл" – 0 (күтілетін қаржы: 1,20 млрд + 447 млн + 205 млн)
"Қайрат" – 0 (күтілетін қаржы: 669 млн)
"Астана" мемлекеттік тендерлерге қатыспайды. Команданы квазимемлекеттік сектор қаржыландырады, атап айтқанда, Sport Qory спортты қолдау қоры.
2022 жылы клуб 4,8 млрд теңге, 2023 жылы – 5,3 млрд теңге алды. Сонымен қатар, "Астана" еурокубоктық турнирлерден де табыс табады.