Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Михаил Ломтадзенің командасы трофейге жақындай түсті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
05.03.2025, 14:57

"Уикомб Уондерерс" Англияның Бірінші лигасында маңызды жеңіске жетіп, "Бертон Альбионды" өз алаңында 2:0 есебімен тізе бүктірді.

koobit.com
Реклама
Реклама

Кездесудің алғашқы таймы алаң иелері үшін сәтті басталды. Нигериялық шабуылшы Дэниэль Удо штраф алаңы сызығынан шебер соққы жасап, есеп ашты. “Уикомб” алғашқы таймда басымдықты арттыруға тырысқанымен “Бертон” қақпашысы бірнеше қауіпті сәтте командасын құтқарып қалды.

Ойынның екінші бөлігі де алаң иелерінің шабуылдарымен басталды. Қонақтар қорғаныста ойнаса да, олардың қақпашысы бірнеше рет шеберлік танытты.

Бірақ "Бертон" қорғаушысы Джек Армор өз қақпасына гол соғып, "Уикомбтың" жеңісіне үлес қосты. Кездесу соңына дейін есеп өзгермей “Уикомб” маңызды үш ұпайға ие болды.

Турнирлік жағдай және алдағы кездесу

“Уикомб Уондерерс” соңғы екі ойындағы сәтсіздіктерден кейін жеңіске жетіп, турнирлік позициясын жақсартты. Негізгі қарсыласы “Рексхэм” өз кезегінде сырт алаңда Стивен Флэтчердің жалғыз голының арқасында жеңіске жетті. Қазір “Уикомб” пен “Рексхэм” арасындағы ұпай айырмашылығы – 2.

Екі команда арасындағы шешуші кездесу 15 наурызда өтеді. Михаил Ломтадзенің командасы өз алаңында “Рексхэмді” қабылдайды.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары