"Зенит" даулы француз футболшысын өз қатарына қоспақ болды.
“Ресейлік “Зенит” қыста 2018 жылғы әлем чемпионы Поль Погбамен байланысқа шығып, оған келісімшарт пен жалақы шарттарын ұсынды. Алайда келіссөздер ешқандай нәтиже бермеді”, – деп жазады “Спорт-Экспресс”.
31 жастағы жартылай қорғаушы қазір допингке байланысты дисквалификациясын өтеп жатыр. Ол “Ювентуспен” келісімшартын бұзғаннан кейін еркін агент статусына ие болды. Погбаның шеттетілу мерзімі 10 наурызда аяқталады.
Қазір “Зенит” сапында қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп ойнайды. Ол питерлік клуб үшін 60-тан астам ойын өткізген. Егер трансфер жүзеге асқанда Әліп пен Погба бір командада ойнауы мүмкін еді. Бірақ әзірге Погбаның болашағы белгісіз күйде қалып отыр.