Трамп тағы бір жаһандық шаруаға араласпақ (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
08.03.2025, 21:00

Ақ үй басшысы бұл жолы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына дайындыққа кіріспек. 

gazeta.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына дайындықты өз қолына алмақ.

Мемлекет басшысы 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионатына дайындықты үйлестіру үшін Ақ үйде арнайы жұмыс тобын құру туралы жарлыққа қол қойды.

Трамп бұл топты жеке өзі басқарады және мұндай ауқымды турнирді өткізу ел үшін үлкен құрмет екенін атап өтті.

2026 жылғы әлем чемпионаты алғаш рет 48 құрама қатысатын форматта өтеді. Жарыстың ойындары 11 маусым мен 19 шілде аралығында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, жуырда ФИФА басшысы Трампқа клубтық әлем чемпионатының кубогын таныстырды. Ол кілтпен ашылады.