Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Абдукодир Хусановтың "Манчестер Ситидегі" ең жақын досы кім?

Редактор Penalty.kz
08.03.2025, 19:33

Ақпан айындағы "Манчестер Ситидің" үздік ойыншысы атанған Абдукодир Хусанов клубтағы ең жақын досын атады.

zamin.uz
Реклама
Реклама

Хусановтан манчестерлік клубтың баспасөз қызметі шағын сұхбат алған еді. 

"Менің ең жақын досым? Бұл – Витор Рейс", – деп жауап берді жас қорғаушы.

Сонымен қатар Хусанов Манчестердегі ең сүйікті орны туралы айтып өтті. Оның айтуынша, бұл – "Этихад" стадионы.

Айта кетейік, Витор Рейс те Хусанов сияқты қысқы трансферлік кезеңде "Манчестер Сити" сапына қосылды. Англиялық клуб 18 жастағы қорғаушы үшін 35 миллион еуро төледі. Дегенмен Рейс Премьер-лигада әлі дебют жасаған жоқ. Бірақ ол Англия Кубогында екі ойынға қатысып үлгерді.

Бүгін "Манчестер Сити" Ағылшын Премьер-лигасының 28-турында сырт алаңда "Ноттингем Форестке" 1:0 есебімен жеңілді. 

Flashscore сайты Хусановтың ойынына 7.0 деген балл берді. Бұл командадағы Жереми Докудан кейінгі (7.1) екінші көрсеткіш. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары