Корольдік клуб ширек финалда енді "Арсеналмен" шеберлік байқасады.
2024/25 жылғы Чемпиондар лигасының 1/8 финалының қарымта матчы аяқталды. Мадридтік дербиде "Атлетико" мен "Реал" кездесті.
Кездесу Мадридтегі "Рияд Эйр Метрополитано" стадионында өтті. Ойынның бас төрешісі – Шимон Марциняк (Польша).
Негізгі уақыт 1:0 есебімен "Атлетиконың" пайдасына аяқталды. Жалғыз голды 1-минутта Конор Галлахер соқты. Қосымша уақытта есеп өзгермей, ойын пенальти сериясына ұласты.
Қарсыластар төрт соққыдан дәл бағыттағанымен, "Атлетикода" Хулиан Альварестің қосарланған жанасуы ережеге қайшы болып, соққы есепке алынбады. Ал "Реалдың" капитаны Лукас Васкес өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Нәтижесінде, "Реал" пенальти сериясында 4:2 есебімен жеңіске жетіп, жарысты одан әрі жалғастыратын болды.
Бұған дейін "Сантьяго Бернабеуде" өткен кездесуде "Реал" 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Чемпиондар лигасының ширек финалында "Реал" лондондық "Арсеналмен" кездеседі. Англиялық клуб екі матчтың қорытындысы бойынша "ПСВ Эйндховенді" 9:3 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған.