Чемпиондар Лигасы: Ширек финалдағы қарсыластар анықталды!

Редактор Penalty.kz
13.03.2025, 05:37

Үздік сегіздікте ТОП-5 лиганың да командалары бар. 

rsport.ria.ru

УЕФА Чемпиондар Лигасының 2024/25 маусымындағы ширек финалына шыққан барлық командалар белгілі болды.

Ширек финалдың жұптары:

  • «Астон Вилла» — «ПСЖ»
  • «Арсенал» — «Реал»
  • «Бавария» — «Интер»
  • «Барселона» — «Боруссия»
Чемпиондар лигасы Фото: x.com/ChampionsLeague

Қашан өтеді?

  • Алғашқы матчтар 8 сәуірде, ал қарымта ойындар 15 сәуірде өтеді.
  • Финалдық кездесу 31 мамырда Мюнхенде ұйымдастырылады.

Жеңімпаз кім?

2023/24 маусымында Чемпиондар Лигасының жеңімпазы «Реал Мадрид» атанды. Финалдық кездесуде мадридтіктер «Боруссия Дортмундты» 2:0 есебімен жеңіп, өзінің рекордтық 15-ші кубогын жеңіп алған болатын.