Дастан Сәтпаевты Ламин Ямальға теңеді

Редактор Penalty.kz
13.03.2025, 16:38

Ұлттық құраманың ардагері Дастанның өнеріне жоғары баға беріп, оның Қазақстан құрамасы үшін маңыздылығын атап өтті. 

Kazpravda.kz

Ұлттық құраманың ардагері Вячеслав Эрбес жас талант Дастан Сәтпаевтың ұлттық команда сапындағы дебютіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы aladop.kz хабарлады. 

"Кім білсін, мүмкін ол болашақ Ламин Ямаль шығар"

Ардагер футболшы Дастанның өнеріне жоғары баға беріп, оның Қазақстан құрамасы үшін маңыздылығын атап өтті:

"Дастан жарады! Ол "Қайраттың" соңғы ойынында негізгі құрамда шықты, ал оған дейін "Астананың" қақпасына гол соқты. Ойын тәжірибесі жеткілікті. Кім білсін, мүмкін болашақ Ламин Ямаль шығар. Егер Дастан ұлттық құрама үшін алаңға шықса, Қазақстан тарихындағы ең жас футболшы атанады. Осындай талантты жастар біздің болашағымыз үшін өте маңызды."

16 жаста ұлттық құрама сапында

Дастан Сәтпаев 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы ойындарға шақырту алған футболшылардың тізіміне енді.

16 жасар талант ҚПЛ-дің екі турында өнер көрсетіп, бір рет мергендік танытты. Егер ол ұлттық құрама сапында алаңға шықса, Қазақстан тарихындағы ең жас ойыншы атанады.