ҚПЛ төрешілері бір матч үшін қанша табыс табады?

Редактор Penalty.kz
16.03.2025, 13:30

Қазақстандық футболдағы төрешілердің гонорары белгілі болды. 

kpl.kz

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрманның айтуынша, елдегі реферилердің еңбекақысы көтерілді.

2025 жылғы маусымнан бастап Қазақстан премьер-лигасында (ҚПЛ) төрешілердің жалақысы төмендегідей бекітілді:

  • Бас төреші – 713 514 теңге
  • Ассистент төреші – 396 396 теңге
  • VAR төрешісі – 339 769 теңге
  • VAR ассистенті – 283 140 теңге
  • VAR операторы – 155 725 теңге
  • Резервтік төреші – 62 292 теңге
  • Матч инспекторы – 254 826 теңге
  • Телеинспектор – 43 560 теңге
  • Матч делегаты – 90 000 теңге

Қазақстан Кубогында төрешілердің жаңа жалақысы 1/8 финалдан бастап күшіне енеді.

ҚПЛ-дың 1 және 2 турындағы төрешілердің қаржылық актілері қайта қаралып, регламентке сәйкестендіріледі.

Бірінші және екінші лигадағы, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы (ДЮФ) матчтарда да төрешілердің гонорары көтерілмек. Бірақ нақты қаншаға өсетіні әзірге белгісіз.

Бұл өзгерістер қазақстандық төрешілердің жағдайын жақсарту және футболдың әділдігін арттыру мақсатында енгізілген.