Шымкент әкімі "Ордабасы" клубындағы жағдай мен Тағыбергеннің жалақысы туралы айтты

Редактор Penalty.kz
16.03.2025, 15:15

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков "Ордабасы" футбол клубындағы қаржылық жағдай мен командаға белгілі француз маманы Клод Макелеленің бас бапкер ретінде тағайындалуына қатысты маңызды ақпаратты бөлісті. Сонымен қатар әкім клубтың капитаны Асхат Тағыбергеннің жалақысы туралы ашық айтты. 

Qaz365.kz

"Ордабасыдағы" қаржылық қиындықтар мен жоғары жалақы

Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, клуб қазіргі уақытта күрделі қаржылық жағдайға тап болған.Бұл туралы KazFootball.kz жазады. 

"Бізге бұрынғы басшылықтан қиын жағдайдағы команда қалды. Орташа жалақы мөлшері – 15 миллион теңге. Келісімшарттар екі жылға жасалған және УЕФА-да тіркелген. Егер бұл келісімдерді бұзсақ, толық өтемақы төлеуге міндеттіміз. Асхат Тағыбергеннің жағдайы да қиын. Ол ойнай алмайды, бірақ кеткісі де жоқ. Айлық жалақысы – 20 миллион теңге. Бұл мәселеде қолым байлаулы", – деді қала басшысы.

Клод Макелеле "Ордабасы" бапкері болуы мүмкін еді

Сонымен қатар Ғабит Сыздықбеков бұрынғы әйгілі футболшы Клод Макелеленің клубқа бас бапкер болып келуі мүмкін болғанын растады.

Клод Макелеле. ФОТО: matchtv.ru

"Андрей Мартин – өте мықты бапкер. Шын мәнінде, Клод Макелеле" Ордабасының" бас жаттықтырушысы болуға дайын еді. Барлық келіссөздер аяқталды. Бірақ соңында мен бұл шешімнен бас тарттым. Аты бар, бірақ нәтижесі белгісіз адам маған қажет емес", – деп мәлімдеді әкім.