Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Футбол былай тұрсын, трансляция қашан түзеледі?

Сарапшы, спорт журналисі
16.03.2025, 18:22

Матч кеш көрсетіле бастады, графика мен комментатор атымен жоқ. 

offside.kz
Реклама
Реклама

Бүгін Қазақстан Кубогының плей-офф кезеңінің 1/4 финалы аясында «Ертіс» (Павлодар) мен «Шахтер» (Қарағанды) кездесті. Алайда бұл ойынды көргісі келген жанкүйерлер күтпеген қиындықтарға тап болды.

Кешігіп басталған трансляция

  • Трансляция бірінші таймның 25-минутына дейін қосылмады.
  • Экранда командалардың атауы, матч есебі көрсетілмеді.
  • Комментатор болмағандықтан, гол мен ойын эпизодтарын жанкүйерлер өздері талдауға мәжбүр болды.
Скриншот Фото: offside.kz

Матч барысында бір гол офсайдқа байланысты есепке алынбады, бірақ трансляцияда бұл туралы ақпарат берілмеді.

ҚФФ-ның ресми түсіндірмесі

Қазақстан футбол федерациясы аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді:

"Трансляция Алматыдағы орталық студияда электр қуатының өшуіне байланысты уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта қалалық қызметтер мәселені шешуге тырысуда. Біз де байланысты қалпына келтіру үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Трансляция жақын арада қайта қосылады. Осыған байланысты резервтік канал іске қосылды, бірақ біраз уақыт комментаторсыз көруге тура келеді. Электр энергиясы қалпына келісімен, негізгі каналға ораламыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – деп келтірді Offside.kz ҚФФ мәлімдемесін. 

Бұл ҚФФ-ның алғашқы сәтсіздігі емес

Бұған дейін ҚПЛ-дің бір матчында командалар қар жауып тұрғанына қарамастан, ақ доппен ойнауды жөн көрген. Бұл да көрермендер үшін үлкен проблема тудырған еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары