Трансгендер төреші ұлттық құрама матчында қызмет етпек

Редактор Penalty.kz
16.03.2025, 20:02

Осылайша, ол халықаралық деңгейдегі кездесуге төрелік ететін алғашқы трансгендер атанғалы тұр. 

KazFootball.kz

Израильдік арбитр Сапир Берман – халықаралық деңгейдегі матчқа төрелік ететін алғашқы трансгендер атанады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. Басылымның мәліметі бойынша Сапир Берман наурыз айында әйелдер құрамалары арасындағы бірнеше ойынға төрелік етеді.

Қандай матчтарға төрелік етеді?

30 жастағы Сапир Берман алдымен Солтүстік Ирландия мен Черногорияның жасөспірімдер арасындағы әйелдер құрамаларының матчтында төреші қызметін атқарады.

Араға бірнеше күн салып, Черногория – Қазақстан ұлттық құрамаларының кездесуінде де төрелік етеді.

Берман: "Бұл – мен үшін орындалған арман"

"Футболдағы 14 жылдық тәжірибемнен кейін халықаралық деңгейде төрелік ету мәртебесіне ие болдым. Бұл – мен үшін үлкен абырой. Ең бастысы – сүйікті ісімді жалғастыру мүмкіндігіне ие болдым", – деді Берман Yetnews басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Сапир Берман 2021 жылы жынысын ауыстыру операциясын жасатқан.