Бахтиёр Зайнутдинов ұлттық құрамаға қосылды (ВИДЕО)
16.03.2025, 20:39
ҚФФ баспасөз қызметі футболшының Қазақстан құрамасының базасына келген сәтінен видео жариялады.
rsport.ria.ru
"Бешікташ" клубының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов ұлттық құрамаға келіп қосылды. ҚФФ баспасөз қызметі футболшының Қазақстан құрамасының базасына келген сәтінен видео жариялады.
“Бахтиёр Зайнутдинов Ыстамбұлдан ұшып келді. Бүгін ұлттық құраманың ойыншысы қосымша медициналық қаралымнан өтеді. Соның қорытындысы бойынша алдағы ойындарға қатысу-қатыспауы туралы шешім қабылданады”, – делінген әлеуметтік желідегі жазбада.
Айта кетейік, Зайнутдинов алдағы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасына көмектеседі. Команда 23 наурызда Уэльспен, 26 наурызда Лихтенштейнмен кездеседі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама