Қазақстандық футболшы 86-минутта ресейлік клубқа жеңіс сыйлады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
17.03.2025, 07:35

Қазақстандық жартылай қорғаушы Акмаль Бахтияров Ресейдің екінші лигасындағы "Алтын" тобының үшінші тур ойынында Астраханьның "Волгарь" клубына жеңіс әкелді. Оның командасы Пятигорскінің "Машук-КМВ" клубымен кездесті. 

kazfootball.kz

Бахтияров ойынға 64-минутта есеп 1:1 болған сәтте алаңға шықты. Тартысты матчта 86-минутта ол қарсылас команда қақпасына ғажайып гол соқты.

Қазақстандық футболшы айып алаңы алдында бірден үш қорғаушыны алдап өтіп, допты қақпаның тоғыздығына дәл бағыттады. Осылайша, есеп 2:1 болып өзгерді. "Волгарь" матч соңына дейін басымдықты сақтап қалды.

Бахтияров бұған дейін Қазақстан жастар құрамасында өнер көрсеткен.