Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубы жаңа маусым алдында бюджет шығындарын азайту мақсатында жоғары жалақылы ойыншылармен келісімшартты бұзды.
Маусымаралық кезеңде “Ордабасы” айтарлықтай қаржылық оңтайландыру жүргізіп, еңбекақы қорын қысқартты. Бұл туралы “Серый CARDINAL” телеграм-арансы жазады. Бұған дейін Асхат Тағыберген ғана емес, бірнеше футболшы жоғары жалақы алғаны белгілі болды.
Ақпарат көздерінің мәліметінше, клубтың ең көп табыс тапқан ойыншылары қатарында Шохбоз Умаров, Артём Беседин, Темірлан Ерланов және Бауыржан Исламхан болған. Олардың айлық жалақысы шамамен 30 мың АҚШ доллары болған. Сонымен қатар Евгений Макаренко 40 мың доллар шамасында еңбекақы алған.
“Ордабасы” жоғары жалақы алатын футболшылармен келісімшартты үзгеннен кейін қаржылық қысымды айтарлықтай төмендетті. Бұл шешім жаңа маусымда клубтың бюджетін тиімдірек басқаруға мүмкіндік береді.