Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Ұлттық құрама сенсация жасай ала ма? Бас бапкер Уэльсті таңқалдыруға уәде берді!

Сарапшы, спорт журналисі
20.03.2025, 13:59

Жуырда бас бапкер Әли Әлиев алдағы матчқа қатысты пікірін білдірді. 

kff.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Әли Әлиев алдағы демалыс күндері Уэльске қарсы өтетін кездесудің мақсаттары мен дайындық деңгейі туралы айтты. Оның сөзінше, ұлттық құрама барынша жақсы өнер көрсетуге тырысады.

«Мақсат – физикалық тұрғыда толық дайын болу. Уэльс құрамасының деңгейіне төтеп бере алатын футболшылар ғана алаңға шығады. Бұл команда жақында Түркия, Исландия мен Ирландияны артта қалдырып, Ұлттар лигасының А дивизионына көтерілді. Оларды менсінбеушілік болмауы тиіс. Кардифта олар өте мықты күшке айналмақ. Бірақ біз түсінуіміз керек: жеңілмейтін команда жоқ. Қарсыласты таңқалдыра алатын дүниелерді дайындап жатырмыз, ал қалғаны – Жаратқанның қолында», – деді Әли Әлиев.

Қазақстан құрамасының алдағы матчтары

  • 22-23 наурыз – Уэльс vs Қазақстан
  • 26 наурыз – Лихтенштейн vs Қазақстан

ӘЧ-2026 іріктеу кезеңіндегі Қазақстанның тобы (J тобы):

  • Бельгия

  • Солтүстік Македония

  • Қазақстан

  • Уэльс

  • Лихтенштейн

Айта кетейік, жуырда Қазақстан құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында Кюрасао командасымен жолдастық матч өткізді. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары