
Қазақстан ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында Кюрасао командасымен жолдастық матч өткізді.
Қазір ФИФА рейтингінде Қазақстан 110-орында тұр, ал Кюрасао құрамасы 91-орынды иеленуде. Ойын жанкүйерлерсіз, жабық режимде өтті.
Бірінші таймда Максим Самородов пен Асхат Тағыберген мергендік танытты. Екінші таймда есеп өзгерген жоқ — 2:0. Голдардың бейнежазбасын төменде тамашалауға болады.
Асхат Тағыберген бұл ойында ерекше гол соғып, жанкүйерлерді қуантты. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұған дейінгі жолдастық кездесулерінде Ресейдің "Зенит" жастар командасын (1:0) және Швецияның Бірінші лигасының белгісіз клубын (2:1) жеңген еді.
Алдағы демалыс күндері, сенбі мен жексенбі түнінде, Али Алиевтің шәкірттері әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын сырт алаңда Уэльске қарсы өткізеді.