
Үздік үштіктің ешқайсысы да ел біріншілігінде өнер көрсетпейді.
Қазақстандық футболшы Максим Самородовтың нарықтық бағасы 1.8 миллион еуроға жетті. Бұл туралы Transfermarkt порталы хабарлады. Оның құны 600 мың еуроға өсіп, қазақстандық футболшылар арасындағы ең қымбат ойыншылардың үштігіне енді.
Қазақстандық ең қымбат ойыншылар:
Айта кетейік, кеше ұлттық құрама Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында Кюрасао командасымен жолдастық матч өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бірінші таймда Максим Самородов пен Асхат Тағыберген мергендік танытты.
Алдағы демалыс күндері Әли Алиевтің шәкірттері 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында алғашқы матчын өткізеді. Құрама команда сырт алаңда Уэльске қарсы ойнайды.