Қазақстандық футболшылар 0:2 есебінен камбэк жасады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
21.03.2025, 04:06

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Еуро-2025 чемпионатына іріктеу турнирінің екінші кездесуін өткізді. 

Instagram/@kff_women

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің екінші раундында, Солтүстік Ирландиямен кездесіп, екі доп айырмасымен жеңіліп жатса да, матч соңында таразы басын теңестіре алды.

Кездесу Солтүстік Ирландияның Ларн қаласындағы "Инвер Парк" стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

Голдар:

1:0 – 13-минутта Эллен Макдермотт

2:0 – 25-минутта Шарлотт Гаверн

2:1 – 45+4-минутта Ару Ермағамбетова

2:2 – 71-минутта Әсел Жолболат

Қазақстан құрамасы 1-топтың В лигасында Солтүстік Ирландия, Черногория және Эстония құрамаларымен бірге өнер көрсетеді. 

Топ жеңімпазы Лига А-ның бірінші раундына өтсе, қалған командалар келесі маусымда Лига В-да қалады.

ФОТО: instagram/@kff_women

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы іріктеудің алғашқы матчында Эстониямен де 2:2 есебімен тең түскен.