Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Британиялық жанкүйерлер Қазақстан құрамасының 16 жастағы жұлдызын "қоршап алды" (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
21.03.2025, 13:43

Дастан Сәтпаев Уэльс әуежайында жанкүйерлердің назарын аударды.

sports.kz
Реклама
Реклама

Англиядан келген футбол жанкүйерлері Қазақстан құрамасының шабуылшысы, жас талант Дастан Сәтпаевқа ерекше ықылас танытты. Олар 16 жастағы футболшыдан қолтаңба алып, бірге суретке түсуді сұрады. 

Оқиға Қазақстан құрамасының Кардифф әуежайына қонған сәтінде болды. Ел құрамасы бұл қалада 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Уэльспен маңызды матч өткізбек.

Еске сала кетсек, Дастан Сәтпаев 18 жасқа толғаннан кейін Лондонның әйгілі “Челси” клубының ойыншысы атанбақ. Қазір ол алматылық “Қайрат” командасының сапында өнер көрсетеді. Жас та болса, оның дарыны шетелдік жанкүйерлердің назарын аударып келеді. 

Қазақстан ұлттық құрамасының Уэльске қарсы кездесуі Астана уақытымен 22 наурыздан 23 наурызға қараған түні сағат 00:45-те басталады. Бұл матч – бас бапкер қызметіне жаңадан тағайындалған жергілікті маман Әли Әлиевтің алғашқы ресми ойыны болмақ. Ол ресейлік Станислав Черчесовтың орнына келді. 

Іріктеу кезеңінде Қазақстан J тобында Уэльстен бөлек, Бельгия, Солтүстік Македония және Лихтенштейн құрамаларымен бақ сынайды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары