Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен жеңіп тұрып, камбэк жасады

Редактор Penalty.kz
23.03.2025, 18:45

Шымкентте өтіп жатқан халықаралық жолдастық турнир аясында Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Беларусьтен 2:4 есебімен жеңілді. 

Instagram/@kff_jastar

Қазақстан құрамасы бірінші таймда өте сенімді ойын көрсетті. 33-минутта Роман Черноморец есеп ашса, 41-минутта Давид Заречный нәтижені еселей түсті. Бірақ жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа созылмады. Үзілістен кейін белорустар толық басымдыққа ие болды.

Қонақтар 48, 70, 75 және 92-минуттарда қатарынан төрт гол соғып, матч тағдырын өз пайдасына шешіп кетті.

Екі матчтан кейін Қазақстан U-16 құрамасының қоржынында бір ғана ұпай бар. Тәжікстанмен өткен алғашқы ойында есеп ашылмады (0:0). Ал Беларусьпен кездесуде 2:4 есебімен жеңіліс тіркелді.

Келесі матч 25 наурыз күні өтеді. Қазақстан бұл жолы Өзбекстанның U-16 командасына қарсы алаңға шығады.