Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қырғызстан құрамасы сенсация тіркеді

Редактор Penalty.kz
25.03.2025, 21:07

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қырғызстан құрамасы өз алаңында маңызды жеңіске жетті. Бішкекте өткен матчта қырғыз футболшылары Катар командасын 3:1 есебімен тізе бүктірді. 

akipress.com

Матч қаһармандары — Кичин, Шукуров пен Мищенко

Ойын барысында Қырғызстан құрамасының сапынан Валерий Кичин, Алимардон Шукуров және Александр Мищенко қарсылас қақпасынан саңылау тауып, жанкүйерлерін қуантты. Бұл жеңіс қырғыз футболшылары үшін іріктеу кезеңіндегі екінші үш ұпай болды.

2026 жылғы әлем чемпионаты: жаңа формат, жаңа мүмкіндіктер

Еске сала кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Бұл турнир тарихтағы ең ірі дода болмақ — алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысады. Командалар 12 топқа бөлінеді, әр топта 4 командадан. Плей-офф кезеңіне әр топтан алғашқы екі орын иелері және үздік көрсеткішке ие сегіз үшінші орын иегерлері өтеді. Сондай-ақ, жаңа кезең — 1/16 финал енгізіледі.