Иран - Өзбекстан матчында ӘЧ мерзімінен бұрын жолдама алған құрама анықталды (ВИДЕО)
25.03.2025, 23:11
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының азиялық іріктеу кезеңіндегі үшінші раундтың 8-туры аясында Иран мен Өзбекстан құрамалары кездесіп, матч 2:2 есебімен аяқталды.
Instagram/@uzbekistanfa
Тең есеп – Иранды мундиальға ерте жеткізді
Ойын Тегерандағы "Азади" стадионында өтті. Қонақтар сапынан гол авторлары – Хожимат Эркинов (16-минут) пен Аббосбек Файзуллаев (53-минут). Ал Иран құрамасының шабуылшысы Мехди Тареми дубль жасап, 52 және 83-минуттарда есепті теңестірді.
Бұл нәтижемен Иран құрамасы 20 ұпай жинап, топтық кезеңнің аяқталуына екі тур қалғанда-ақ 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама иеленді.
Өзбекстан – екінші орында
Өзбекстан құрамасы 17 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орынға жайғасты. Қос команда да А тобына кіреді, онда бұлардан бөлек БАӘ, Катар, Қырғызстан және Солтүстік Корея құрамалары да бақ сынауда.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама