Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Асхат Тағыбергеннің орны бос қалмады - "Ордабасы" бразилиялықты тіркеді

Сарапшы, спорт журналисі
29.03.2025, 14:02

Шымкенттік клуб 2025 жылғы маусымға арналған құрамын жаңартып, капитан кеткен орынды бразилиялық футболшымен толтырды.

ulysmedia.kz
Реклама
Реклама

“Ордабасы” клубы 2025 жылғы маусымға арналған жаңартылған тізімді ұсынды. Команданың бұрынғы капитаны Асхат Тағыберген клубтан кеткен соң, оның орнына 26 жастағы Жоао Паулиньо Морейра Фернандес қосылды.

Паулиньо Шымкентке румыниялық “Поли Яссы” клубынан бір жылдық жалға алу келісімімен келді. Ол Қазақстан Премьер-Лигасы, ел кубогы және Суперкубок матчтарына қатысу үшін клубтың ресми өтініміне енгізілді.

Паулиньо 2024 жылы молдавиялық “Зимбру” клубының құрамында өнер көрсетті. Ол 12 матчта алаңға шығып, 6 гол соқты және 1 нәтижелі паспен көзге түсті. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары