"Ақтөбе" сырт алаңда ірі есеппен жеңіске жетті
30.03.2025, 17:36
"Атырау" Қазақстан Премьер-Лигасының 3-турында "Ақтөбені" қабылдады.
offside.kz
Матчтың алғашқы бөлігінде-ақ қонақтар басымдық көрсетіп, есеп ашты. Уче Агбо бірінші болып допты қақпаға енгізсе, көп ұзамай Неманья Анджелковичтің пасынан кейін Гильерме Перейра өз қақпасына автогол жасап алды.
Екінші таймда ақтөбеліктер ойын ырғағын сақтап, есепті ұлғайтты. Джордже Ивкович Еркебұлан Сейдахметтің пасынан кейін бос қақпаға дәл соққы жасап, үшінші голды салды. Ал Дархан Бердібек алыстан соққы жасап, матчтың нүктесін қойды — 4:0.
Үшінші тур қорытындысы бойынша “Ақтөбе” 7 ұпаймен турнир кестесінің көшбасшысы “Қайратпен” теңесті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама