Давид Лория жаңа қызметке тағайындалды
02.04.2025, 13:59
Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы атанды.
kff.kz
Қазақстан футбол федерациясының құрылымында кадрлық өзгерістер болды. Атқарушы комитеттің шешімімен Давид Лория бас хатшы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы КЕҢЕСШІ телеграм-арнасы жазды.
Давид Григорьевич Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, УЕФА-ның MIP бағдарламасының түлегі.
Қазір ол Астана қалалық мәслихатының депутаты. Сонымен қатар елдің әлеуметтік өмірін дамытуға қосқан үлесі үшін “Құрмет” орденінің иегері.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама