Асхат Тағыбергеннің кесірінен "Тобылдың" жас жұлдызы "Ақтөбеге" ауыса ма?

Редактор Penalty.kz
04.04.2025, 13:25

Қазақстан Премьер-Лигасында трансферлік терезе жабылуға жақын. Соңғы аптада ең шулы жаңалықтардың бірі — Асхат Тағыбергеннің "Тобылға" қайта оралуы болды. Бірақ бұл келісім қостанайлық клубтағы өзге ойыншылардың тағдырына әсер етіп жатқан сияқты.

vesti.kz

Telegram-да танымал "Серый Кардинал" футбол арнасының мәліметінше, Қазақстан кубогының иегері және өткен маусымдағы ҚПЛ-дің қола жүлдегері “Ақтөбе” құрамын жас әрі шебер жартылай қорғаушы Данияр Үсеновпен толықтырмақ.

23 жастағы Үсенов “Қайрат” футбол мектебінің түлегі. Ол жылдың басында “Тобылмен” келісімшартқа отырған еді.

 Үсеновтің өткен маусымдағы статистикасы:

  • “Жетісу” сапында 18 матч өткізді
  • 2 гол соқты
  • 1 нәтижелі пас берді

Футболшы шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. Бірақ дәл осы орынға “Тобылда” бірнеше мықты ойыншы бар. Соның ішінде Асхат Тағыбергеннің келуімен бәсеке одан сайын күшейіп, Данияр Үсеновтің негізгі құрамнан тыс қалуына себеп болуы мүмкін.

Айта кетейік, ұлттық құраманың капитаны Асхат Тағыберген наурыз айының соңында қостанайлық клубпен үшінші рет келісімге келді.