Финалдағы толық үстемдік хоккейден Қазақстан чемпионын анықтады
15.04.2025, 22:04
Көкшетаудың "Арлан" командасы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының финалдық сериясын сенімді түрде аяқтап, ел чемпионы атанды. Төртінші матчта олар Өскеменнің "Торпедосын" сырт алаңда тізе бүктіріп, серияда 4:0 есебімен жеңіске жетті.
sports24.kz
Шешуші кездесу Өскеменде өтті. Қонақтар бірінші және екінші кезеңдерде өз артықшылығын сенімді түрде іске асырып, жеңісті жұлып әкетті. 39-минутта Степан Санников есеп ашса, арада бірнеше секунд өтпей жатып Владислав Никулин есепті 2:0-ге жеткізді.
Үшінші кезең басында, яғни. 42-минутта "Торпедо" шабуылшысы Максим Базанов бір шайбамен жауап қатты. Алайда бұл нәтиже ойынды құтқара алмады.
"Арлан" финалдық серияда бірде-бір жеңіліске ұшырамай, төрт матчта қарсыласын тізе бүктірді:
- 1-ойын (Көкшетау) — 9:2
- 2-ойын (Көкшетау) — 6:3
- 3-ойын (Өскемен) — 3:2
- 4-ойын (Өскемен) — 2:1
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама