2025 жылғы хоккейден әлем чемпионатының төртінші дивизионында Өзбекстан құрамасы кезекті сенсациялық жеңіске қол жеткізді.
Кезекті ойында Иранмен кездескен өзбекстандықтар айқын басымдықпен жеңіске жетті — 20:0.
Бірінші кезеңнен бастап қарсыласын мүлде ойынға жолатпаған Өзбекстан шабуылды үздіксіз үдетіп отырды. Нәтижесінде 7 шайба алғашқы 20 минутта-ақ өз қақпасына жол тапты.
Үш ойыннан кейін Өзбекстан құрамасы жеті ұпаймен топ басында келеді. Команда шабуыл шебінде де, қорғаныста да сенімді ойын көрсетіп отыр. Егер бұл қарқынын сақтаса, Өзбекстан келесі жылы үшінші дивизионның В тобына өту мүмкіндігіне ие болады.
ӘЧ. 4-дивизион.
Өзбекстан - Иран 20:0 (7:0)
Голдар: Голубович, 3 (1:0); Кравченко, 4 (2:0); Жилов, 8 (3:0); Мальцев, 11 (4:0); Коган, 12 (5:0); Рахимов, 13 (6:0); Кравченко, 16 (7:0); Синявский, 22 (8:0); Синявский, 27 (9:0); Кравченко, 27 (10:0); Попов, 28 (11:0); Синявский, 31 (12:0); Дадаходжаев, 33 (13:0); Синявский, 47 (14:0); Дорофеев, 47 (15:0); Коган, 50 (16:0); Кравченко, 50 (17:0); Рустамхонов, 53 (18:0); Азимов, 53 (19:0); Жилов, 56 (20:0).