Бұған дейін денсаулығына байланысты тыс қалады деп болжанған ұлттық құраманың капитаны Роман Старченко хоккейден әлем чемпионатына қатысатын болды.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин жанкүйерлерге жағымды жаңалық жеткізді:
“Роман Старченко жақын күндері құрамамен бірге болады. Жақында өзімен сөйлестік, ол өзін жақсы сезінеді. Оны кеңейтілген тізімге қостық. 25-26 сәуір күндері мұз айдынына оралады, әрі әлем чемпионатына бізбен бірге барады деп жоспарлап отырмыз. Бұл — команда үшін де, жанкүйерлер үшін де үлкен қуаныш”.
Болякиннің айтуынша, Роман жуырда операция жасатып, сауығу мен оңалту кезеңінен өтіп жатыр. Қалпына келу барысы жақсы жүріп жатқан көрінеді.
“Роман – тек тәжірибелі ойыншы ғана емес, нағыз көшбасшы. Ол киім ауыстыратын бөлмеде де, мұз айдынында да өз үлгісімен өзгелерге мотивация береді. Мұндай ойыншылар команданың тірегі”.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы хоккейден әлем чемпионатының жоғарғы дивизионы 9–25 мамыр аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы В тобында бақ сынайды. Қарсыластары: