Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Барыс" тоғыз шайба жіберіп алды

Редактор Penalty.kz
25.04.2025, 15:13

Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) 3х3 форматы аясында өткен кезекті ойында ауыр жеңіліске ұшырады. Бұл команда үшін қатарынан екінші сәтсіздік болды.

3x3.khl.ru
Реклама
Реклама

Жұма күні “Барыс” 18-тур аясында “Металлург” (Магнитогорск) командасымен кездесіп, Мәскеуде өткен матчта 6:9 есебімен жеңіліп қалды.

Астаналықтар сапынан Владимир Корчагин дубль авторы атанса, Станислав Александров, Дмитрий Макеев, Михаил Рахманов және Александр Перкин бір-бір шайбадан соқты.

Осыған дейін “Барыс” 18-тур шеңберінде бір ойында жеңіске жетіп, тағы бір матчта жеңілген. Осылайша екі күн ішінде үш матч өткізіп, бір ғана жеңіске жетті. 

Қазір “Барыс” 26 ұпаймен FONBET дивизионында төртінші, яғни соңғы орында тұр. Бұл — чемпионатқа қатысып жатқан 8 клуб ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.

Астаналық команда 26 сәуірде тағы екі матч өткізеді. Қарсыластары “Сібір” (Новосибирск) және “Динамо” (Минск).

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары