Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты қарсаңында Словениямен жолдастық кездесу өткізді. Матч нағыз суперкамбэкке айналып, сенсациялық нәтиже тіркелді.
Ойын әлем чемпионатын қабылдайтын Швецияның Уппсала қаласында ұйымдастырылды. Словения құрамасы Қазақстаннан 2:3 есебімен басым түсті. Бұл нәтиже хоккей жанкүйерлері үшін күтпеген жағдай болды. Себебі Қазақстан матч фавориті болған.
Кездесуде есепті Қазақстан ашты. Кирилл Панюков 21-минутта, ал 31-минутта Аркадий Шестаков есепті 2:0-ге жеткізді. Бірақ бұл басымдықты сақтап қалу мүмкін болмады. Словениялықтар 37-минутта Филип Ситар, 44-минутта Матич Торок, ал 53-минутта Рок Капелдің шайбалары арқылы камбэк жасап, жеңісті жұлып алды.
Хоккейден әлем чемпионаты Швеция мен Данияда өтеді. Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі барлық ойындарын Данияның Хернинг қаласында өткізеді. Топтық кезеңде біздің құрама В тобында өнер көрсетеді. Қарсыластар қатарына мықты құрамалар енген:
Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын 10 мамыр күні Норвегияға қарсы өткізеді.